jasqazaq.kz

Алматыда пәтер ұрлығымен айналысқан қылмыстық топ құрықталды

12 қараша 2020, 10:38

Алматылық полицейлер кеше Бостандық ауданында арнайы жасақ сарбаздарының көмегімен бірнеше пәтер ұрлығына қатысы бар үш күдіктіні ұстады, деп хабарлады Polisia.kz.

Ұсталғандардың үшеуі де Алматы облысының тұрғындары болып шықты. Олардың екеуі бұрын мүліктік қылмыстар жасағаны үшін сотталған. «Күдіктілер осыдан бір күн бұрын Қабанбай батыр көшесінде орналасқан пәтерлердің біріне ұрлыққа түскеннен кейін ұсталды. Оңай ақшаға құныққан олар ақша мен құнды мүліктерді алып кеткен. Ұрланған заттар тәркіленді, қаскөйлер оларды сатып үлгермеген. Қазір олардың Алматы қаласының аумағында жасалған 11 қылмысқа қатысы бар екендігі анықталды. Сонымен қатар біздің ақпаратымыз бойынша оларды Нұр-Сұлтан мен Шымкент қалаларындағы әріптестеріміз аталған қалаларда бірнеше пәтер ұрлығын жасағаны үшін іздеуде», – деді Алматы қаласы Полиция департаменті бастығының орынбасары Берік Әбілбеков.

18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия