jasqazaq.kz

Алматыда пәтер тонаушылар қолға түсті (Видео)

19 мамыр 2022, 17:08

Алматыда бір топ пәтер ұрысы қолға түсті, деп хабарлайды қалалық Полиция департаменті.

Қалалық криминалдық полицияның мәліметінше, қылмыстық топ үш ер адам мен бір әйелден тұрады. Олар Алматының Әуезов ауданында жүрген.

«Бұл топ Ақтөбе, Қызылорда және Шығыс Қазақстан облыстарынан келген отандастарымыздан «жасақталған». Қолдағы деректерге сәйкес, олар шаһарға келіп, қаланың тұрғын алабын әбден зерттеп алған. Алдымен кіреберіс есіктердің кілтін таңдау арқылы бөтен пәтерлерге кірген. Ұрлықты ер адамдар жасаған, ал әйел алтын, аң терісінен жасалған бұйымдар, цифрлық техника сияқты ұрланған мүліктерді сатуға жауапты болған.

Алматыда қаскөйлер жалдамалы пәтерге қоныстанған. Арнайы іс-шараның нәтижесінде олар өткен күні Алтынсарин мен Шаляпин көшелерінің қиылысында ұсталды», — деді, Алматы қалалық ПД Криминалдық полиция Басқармасының бастығы, полиция полковнигі Қуатбек Науатов.

Ұсталғандардың төртеуі де уақытша ұстау изоляторына қамалды. Кей мәліметке қарағанда, олар Ақтөбе облысының аумағында да пәтер тонаумен айналысқан.

«Біз бұл ақпаратты тергеу барысында нақты тексеретін боламыз. Алматыда ұрланған мүлікті сату арнасын да анықтаймыз», – деді Қуатбек Науатов.

Бүгін, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
Бүгін, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
Бүгін, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
13 қараша, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр