jasqazaq.kz

Алматыда өртенген үй ішінде қамалып қалған жасөспірім құтқарылды (видео)

19 тамыз 2022, 12:00

Алматыда құтқарушылар 14 жасар қызды өртеніп жатқан үйден аман алып шықты. Бұл туралы  ҚазАқпарат хабарлайды.

Алматы қалалық төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, өрт Жетісу ауданы Венецианов көшесінде орналасқан №65 үйден шыққан. Оқиға орнына өрт сөндіру жасақтары жоғары дәрежедегі шақырту бойынша жіберілді.

«Мамандандырылған жасақ бөлімшелері оқиға орнына төрт минутта жетті. Құтқарушылар жалпы алаңы 80 шаршы метр болатын шатыры бар үйдің өртеніп жатқанын анықтады», — деп хабарлады ведомстводан.

Өртті барлау және сөндіру барысында мамандандырылған жасақ және №8 өрт сөндіру бөлімінің мамандары үйдің ішінен 2008 жылы туған қызды тапты.

«Ол тұрғын үйге жапсарлас салынған бөлмеде қамалып қалған. Шығатын жол жабық. Терезесі металл тормен жабылған. Құтқарушылар есікті ашып, оқушы қызды сыртқа шығарды. Жасөспірімді дәрігерлер тексерді, өміріне ешқандай қауіп жоқ», — деп атап өтті департаменттен.

Өртті сөндіруге 9 техника, жеке құрамнан 36 адам жұмылдырылды.

https://youtu.be/UCLu0hM72Xg

Бүгін, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
Бүгін, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
Бүгін, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
13 қараша, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр