jasqazaq.kz

Алматыда «Орташа жылдамдық» бағдарламасы іске қосылмақ

22 тамыз 2018, 21:19

Жылдың соңына қарай Алматы жолдарында жылдамдықты шамадан тыс арттырған жүргізушілерді анықтайтын арнайы бағдарлама іске қосылады. Бұл туралы Алматы ІІД бастығы Серік Күдебаев ІТ-индустрия өкілдерімен кездесуде айтты.

«Қауіпсіздікті цифрландыру» тақырыбымен өткен шарада ІІД басшысы енді кореялық тәжірибе пайдаланылатынын жеткізді. «Ең көп жол-көлік оқиғасы Алматыда болады. Біз «Орташа жылдамдық» арнайы бағдарламасын іске қосамыз. Бұл — Корея тәжірибесі. Бұған дейін жүргізушілер камераға жақындағанда ғана жылдамдықты азайтып, одан өткен соң қайта арттыратын, яғни қай жерде қалай жүру керек екенін білетін. Жаңа жүйені Шығыс айналма жолы мен әл-Фараби даңғылының 10 учаскесінде пайдаланып жатырмыз. 2 айда 400 мың ереже бұзу дерегін анықтап, жалпы 200 млн теңге мөлшерінде айыппұл салынды. Талдауларға қарағанда, жылдамдықты 1 километр/сағатқа азайту жол апатын 3%-ға қысқарту мүмкіндігін береді», — дейді С. Күдебаев. Оның айтуынша, жылдың соңына қарай автобустар арнайы жолақпен жүрген көліктерді анықтайтын видеокамералармен жабдықталады. Оларды сатып алу үшін тендер өткізіліп жатыр. Оларды желтоқсанның аяғына дейін қоғамдық көлікке орнату жоспарлануда.

13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
13 қараша, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр
12 қараша, 14:55
Шымкентте қауіпсіздік инфрақұрылымы кеңейіп келеді
10 қараша, 20:03
«COP31»: Әділ, теңгерімді көзқараспен нақты нәтижеге
10 қараша, 16:00
Азамат Ешанқұл: Алматыдағы қоғамдық көліктің 81,2%-ы экологиялық таза отынға көшті
10 қараша, 14:34
Шымкентте Президент Жолдауын түсіндіруге арналған кездесулер өтті
09 қараша, 12:51
Әлішер Бекенов: Жылу шығынын азайту энергия тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді
07 қараша, 10:32
Газ өңдеу зауыттары: Әртараптандырудағы айқын қадам
05 қараша, 18:32
Тарих қойнауынан табылған жазу немесе ғалым мен қаламгердің үндестігі