jasqazaq.kz

Алматыда өрт сөндіру көлігімен соқтығысқан Toyota жүргізушісі қаза тапты

Бүгін, 11:26

17 қарашада сағат 00:40 шамасында Тимирязев және Әуезов көшелерінің қиылысында өрт сөндіру қызметінің арнайы көлігі мен Toyota Camry маркалы жеңіл автокөліктің қатысуымен жол-көлік оқиғасы орын алды, деп хабарлайды jasqazaq.kz Алматы полициясына сілтеме жасап.

Алдын ала мәліметтерге сәйкес, өрт сөндіру көлігі шақырту бойынша арнайы жарық және дыбыс сигналдарын қосып, оқиға орнына бара жатқан. Қиылыстан өту кезінде жеңіл автокөлікпен соқтығысқан.

Жол-көлік оқиғасы салдарынан жеңіл автокөліктің жүргізушісі алған жарақаттарынан оқиға орнында көз жұмды. Оған медициналық көмек көрсетілгенімен, өмірін сақтап қалу мүмкін болмады. Ал арнайы көліктің жүргізушісі медициналық мекемеге жеткізілді.

Адам өліміне әкеп соққан жол-көлік оқиғасы дерегі бойынша Алматы қаласы Полиция департаментінің Анықтау басқармасы қылмыстық іс қозғады.
Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайы мен себептерін жан-жақты анықтауға бағытталған қажетті тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр.

Бүгін, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
Бүгін, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
Бүгін, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
13 қараша, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр