
Бірыңғай «Оңай» карталарының бағасы қымбаттап кетті. Бұрындары 400 теңге болса қазір 500 теңгені құрайды. Көлік холдингі баға өскендігінің себебін түсіндірді. Бұл туралы informburo.kz сайты хабарлады.
«Картаның құны сатылатын бағасынан әлдеқайда жоғары – 425 теңге. Біз бұл бағамен ұтылудамыз. Біз барлығын «Оңай» картасымен барынша қамтамасыз ету үшін бағаны сақтап тұрдық. 1,5 миллион тұрғыны бар қалаға 2 миллион 11 мың «Оңай» картасын шығардық. Ал қала халқының тек 40 пайызы қоғамдық көлікпен жүреді, – деді Алматы қаласы көлік холдингі директоры Садыр Хамраев.