jasqazaq.kz

Алматыда оқушылар төртінші тоқсанды қашықтан оқиды

30 наурыз 2021, 14:28

Алматы мектептері қайтадан қашықтан білім беруге көшеді. Бұл туралы онлайн брифинг барысында Алматы қаласының бас мемлекеттік санитар дәрігері Жандарбек Бекшин мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Оның айтуынша, мектеп пен балабақшадағы балалар арасында вирус жұқтыру жағдайы күрт өскен. «Биыл мектепке дейінгі балалар арасында вирус жұқтыру екі есе көбейді, оған қоса оқушылардың да індет жұқтыруы жоғары. Мутациядан өткен штамдар кішкентай балаларға да әсерін тигізуде. Былтыр 281 оқушы ауырса, биылғы жылдың үш айында 1 468 бала вирус жұқтырған. Сол себепті осы жолы қатаң шектеу шараларын енгіздік», — дейді Жандарбек Бекшин. Сондай-ақ ол қаладағы барлық мектептер қашықтан білім беруге көшетінін, тек кезекші топтарда ғана дәстүрлі форматты білім алатынын айтты. «Ата-аналардың өтініші бойынша кезекші топтар ашылады. Ондағы оқушылар саны 15 баладан аспауы қажет. Бұл 1-5 сыныптар және халықаралық деңгейде оқитын мектептердегі 1-7 сыныптарға қатысты. Сонымен қатар, мектепті бітіретін 9 бен 11 (12) сыныптарда да кезекті топ ашылады», — деді ол.

Бүгін, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия