jasqazaq.kz

Алматыда оқушы сабақ үстінде қайтыс болды

17 сәуiр 2018, 12:12

Алматыдағы №118 мектеп-гимназиясында дене шынықтыру сабағы өтіп жатқан кезде бесінші сынып оқушысы қайтыс болды. Бұл туралы қалалық білім басқармасының өкілдері мәлімдеді.

Ведомство мәліметінше, 13 жастағы Алексей Халилов 16 сәуірде дене шынықтыру сабағына денсаулық жағдайына байланысты бармаған. «Ол дәлізде болды, спорт залының кіреберісінде, бала дене шынықтырудан босатылғандардың орындығында отырған. Кенет Алексей әлсіреп, оған алғашқы медициналық көмек көрсетіліп, мектептке жедел жәрдем шақыртылды», — делінген релизде. Білім басқармасының мәліметінше, Алексей бұл мектепте 1-сыныптан бастап оқыған. Оқу барысында бірнеше рет есінен танып қалған. «Сынып жетекшісі баланы қарату керектігін айтып, ескерткен, алайда әжесі емханаға барып, тексерістен өтіп жүргенін айтқан. Атасы А.Р.Нартовтың айтуынша, Алексейдің қан тамырларының өткізгіштігі нашар болған. Медициналық картадағы жазбаға сәйкес, бала 2014 жылдан бері есінен танып қала берген, жүйке жүйелері дәрігеріне қаралып жүрген. Ол мектепте соңғы рет 2017 жылдың желтоқсанында есінен танып қалған, дәрігер оған ем жазып берген», — деді Алматы қалалық білім басқармасының өкілдері. Қазіргі уақытта Алматы қалалық Жетісу аудандық Ішкі істер басқармасының өкілдері тергеу шараларын жүргізіп жатыр.

Tengrinews.kz

23 қараша, 15:48
Үнді дипломаты: Қазақстанның сыртқы саясаты сындарлы әрі теңгерімді ұстаныммен ерекшеленеді
23 қараша, 15:30
Серікбай Жәңгірбаев: Су ресурстарын ұтымды пайдалану – экологиялық қауіпсіздік негізі
23 қараша, 14:22
Есірткіге қарсы ымырасыз күрес тоқтамайды
20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді