jasqazaq.kz

Алматыда оқушы қыздарды тістейтін адам пайда болды

06 қыркүйек 2018, 18:11


Алматыда мектеп формасын киген жасөспірім оқушы қыздарды тістеп алған.

Tengrinews.kz жазғандай, мектеп чаттарының бірінде белгісіз жігіттің екі оқушы қызды тістеп алғаны жайлы хабарламалар алматылықтарды шошытты. «№35 мектептің чатынан. Назар аударыңыздар! Бүгін біздің мектептің маңында төтенше жағдай болды!!! Жігіт троллейбустан жүгіріп шығып, екі оқушы қызды (олардың бірі –  Татьяна Юрьевнаның оқушысы, 3-сыныпта) тістеп алды. Сондай-ақ, ол троллейбустың ішінде де әйел адамның қолын тістеп алған. Сосын барып троллейбустан шығып бастапқыда бірінші қыздың екі жерінен тістеп алған: бетінен және тағы бір жерінен (есімде жоқ), кейіннен аялдамадан сәл ары тағы бір қыздың басын тістеп алған. Қыздың басында тісі қалып кеткен. Полиция оларды әлі тапқан жоқ. Татьяна Юрьевна мен мектеп әкімшілігі бізді мектепке әкеліп және мектептен күтіп алуды сұрайды», — деп жазған Юлия Новикова Facebook желісіндегі парақшасында. №35 мектеп әкімшілігінің өкілдері өз кезегінде осы жағдайға қатысты пікір білдірді. Олардың айтуынша, бұл оқиға 5 қыркүйекте шамамен сағат 13:00-де болған. «Балалар бірінші ауысымнан кейін ата-аналарымен бірге үйлеріне кетті. Қыздардың бірі әпкесімен Достық пен Қабанбай батыр қиылысында тұрған. Әпкесі сол сәтте анасымен телефонмен сөйлесіп тұрды. Бірде белгісіз бір жігіт бас салып, оқушы қызға қарай шабуылдаған. Барлығы бірнеше секундта болды. Әпкесі сіңлісін ер адамнан жұлып алды. Қараса, ол қыздың басын тістеп алған болып шықты. Содан жігіт № 11 троллейбуске жүгіріп отырып, Достық-Шевченко қиылысындағы аялдамаға дейін жетіп алып, анасы мен 3-сынып оқушысы тұрған жерге барған. Сол жерде ол қызға қарай шабуылдап, қолын тістеп алған. Сосын ол Достықпен жоғары қарай көтеріліп кеткен. «Қыздың басында тісі қалып кеткен» деген мәлімет асырып айтылған. Біз полицияға хабарластық, мектеп инспекторы барлығын күзетіп жүр», — деді мектеп директоры Ольга Прокопьева. Директордың айтуынша, шабуылдаған жігіт шамамен 13-16 жаста. Қара көк түсті мектеп формасын киген, рюкзагы болған.

Бүгін, 15:48
Үнді дипломаты: Қазақстанның сыртқы саясаты сындарлы әрі теңгерімді ұстаныммен ерекшеленеді
Бүгін, 15:30
Серікбай Жәңгірбаев: Су ресурстарын ұтымды пайдалану – экологиялық қауіпсіздік негізі
Бүгін, 14:22
Есірткіге қарсы ымырасыз күрес тоқтамайды
20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді