Алматыда 2006 жылы туған қыз өз-өзіне қол жұмсады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Алматы қалалық полиция департаментінің мәліметінше, қайғылы оқиға 4 мамырға қараған түні Алматының Медеу ауданында болған. «2006 жылы туған мектеп оқушысы өз үйінің ауласында асылып қалған. Сот-медициналық сараптама тағайындалды. Бұл факт Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексiнің 105 бабы бойынша тексеріліп жатыр», — деді Алматы қалалық полиция департаментінің ресми өкілі Салтанат Әзірбек. Ведомство өкілі оқиғаның себебі мен өзге де мән-жай анықталып жатқанын атап өтті.