jasqazaq.kz

Алматыда ойын-сауық орталықтары қашан ашылады?

16 мамыр 2020, 14:34

Алматыда сауда және ойын-сауық орталықтары қашан ашылуы мүмкін екені белгілі болды, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қала әкімдігінің жұртшылықпен байланыс қызметіне сілтеме жасап.

«25 мамырдан бастап Алматыда қонақ үй кешендерін, қоғамдық тамақтану нысандарын, СО (сауда орталықтары), СОО (сауда ойын-сауық орталықтары) және сауда үйлерін кезең-кезеңмен ашу мәселесі қарастырылады. Бұл қаладағы эпидемиологиялық жағдайға байланысты мүмкін болады», — делінген қала әкімшілігінің хабарламасында.

Сонымен қатар, Алматыда 18 мамырдан бастап туроператорлар қызметінен шектеу алынады. Ұялы байланыстың абоненттік бөлімшелері, екінші деңгейлі банк және қаржы секторының басқа да ұйымдары жұмысқа толық орала алады. Бұл тағы 34,2 мың адамды жұмыспен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия