jasqazaq.kz

Алматыда нотариус 1,8 млрд теңгенің операциясын заңсыз жасаған

30 қазан 2020, 12:09

Алмалы ауданының прокуратурасы 1,8 млрд теңге көлемінде жалақы өндіру туралы жалған мәмілені анықтады.

«2019 жылдың 23 желтоқсанында нотариус «К» ЖШС-нан «М» деген азаматқа 1 805 097 937 теңге мөлшерінде жалақы өндірмек болған. Талдаулардың нәтижесінде М деген азамат осы ЖШС толық құрылтайшысы екені анықталды. Ол айына 40 млн теңге жалақы алып отырған. Медеу аудандық соты 2019 жылдың 16 тамызында оның жалақы өндіру туралы арызын қанағаттандырмаған. Сот үкімі мен мәміленің күмәнділігіне қарамастан нотариус жалған атқару қолын қойған», — деді прокуратура. Прокуратураның хабарлауынша, ҚР «Оңалту және банкроттық» туралы заңына сәйкес жабылатын ұйымның ең алдымен кредиторлар алдындағы борышынан гөрі жұмыскерлердің жалақысынан құтылу борышы алдыңғы орында болады. «М деген азамат басқа кәсіпкерлерге ірі мөлшерде қарыз болған. Осылайша жалған жалақы борышын алға тартып, ақшаны жылыстату схемасын құрып олардан құтылып кетпек болған», — деді прокуратурадан. 2020 жылдың 12 мамырындағы сот шешімімен нотариустың атқару қолы жарамсыз деп танылды. Нотариусқа қатысты жеке анықтама шығарылды. Қазір бұл анықтама қаралып жатыр.

ҚазАқпарат

18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия