jasqazaq.kz

Алматыда нөсер салдарынан кейбір үйлер су басты

15 тамыз 2019, 14:42

Алматыда 15 тамызда жауған жаңбыр салдарынан қала аудандарындағы кейбір жеке тұрғын үйлер, іргелес жатқан аулалар, жертөлелер мен көлік қиылыстары су астында қалды. Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлады.

Алматы құтқару қызметіндегі «109» нөміріне тұрғындардан қоңыраулар таңертеңгі сағат 04: 31-де түсе бастады. Барлығы 13 шағым түсті. Құтқарушылар негізінен Алатау аймағындағы мекенжайларға аттанды. Онда су басу қаупі болды. Ақбұлақ ықшамауданындағы Бейсекбаева көшесіндегі су сору жұмысы қазір аяқталды. Мұнда төрт жеке тұрғын үйді жаңбыр суы басқан. Самади, Нұрпейісов және Сухе-Батор көше тұрғындарынан «109» нөміріне қоңыраулар көптеп түскен. Тұрғындар ауланы, жертөлені және жеке тұрғын үйлерді су басқандығы туралы шағымданған. Бұл мекенжайлар бойынша Алатау ауданының мердігерлер компаниялары жұмыс істеді.

Әуезов ауданында Райымбек даңғылы мен Саин көшесінің қиылысы да жаңбыр суының астында қалды. Су басу зардаптарын аудан әкімшілігі және «Алматы Су» коммуналдық қызметі бірлесіп жойды. Құтқару жұмыстарына Алматы қалалық құтқару қызметінің 9 қызметкері, 2 техника және 4 су сорғыш мотор жұмылдырылды.

20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда