jasqazaq.kz

Алматыда Наурыз мерекесіне орай қандай мәдени шаралар өтеді?

16 наурыз 2022, 14:48

Алматыда Наурыз мерекесі аясында қаланың барлық аудандарында 80-нен астам түрлі іс-шара өтеді.

Қала тұрғындары мен қонақтарын отандық әртістердің концерттері, ұлттық жарыстар, театр қойылымдары мен шоулар күтеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Қала әкімдігі баспасөз қызметінің хабарлауынша, негізгі іс-шаралар 21 наурызда сағат 11.00-ден 17.00-ге дейін Панфилов, Жібек жолы және Төле би көшелерінде өтеді, онда 50-ден астам сәулет нысандары мен қондырғы орнатылады. Жаяу жүргіншілер көшелерінде киіз үйлер тігіліп, қолөнер жәрмеңкесі, мейрамханалар аллеясы, суретшілер көрмесі мен балалар аймақтары ұйымдастырылады.

Панфиловпен Қарасай батыр көшесіндегі шағын сахнада сағат 11.00-17.00 аралығында концерттік бағдарламамен П. Чайковский атындағы Алматы музыкалық колледжінің студенттері, балалар шығармашылық ұжымдары, диджейлер мен интерактивтер, Диана Шарапова мектебі және Мұрат Мұтұрғанов өз өнерлерін көрсетеді.

Жібек жолы көшесіндегі сахнада сағат 11.00-17.00 аралығында «Алматы Әуендері», «Бозторғай» Халықаралық балалар фестивалі концерттік бағдарламасын ұсынса, диджейлер мен интерактивтер және шығармашыл жастар өз өнерлерін ортаға салады.

«Алатау» дәстүрлі өнер театрының алдындағы алаңда сағат 12.00-ден 17.00-ге дейін концерттік бағдарлама, ұлттық дәстүрлер көрсетілімі ұйымдастырылады, сағат 16.00-ден кешкі концерт басталады.

Қаланың негізгі концерті 21 наурыз күні сағат 12.00-де ҚБТУ ғимараты алдындағы «Астана» алаңында өтеді. Көрермендерге қазақ мәдениетінің өзіндік ерекшелігін көрсететін барабандар, дауылпаздар мен қобыздарды қолдана отырып театрландырылған шоу ұсынылады.

Осы іс-шара үшін арнайы заманауи өңдеуде музыкалық этно-фольклорлық композиция жазылды. Мерекелік концертке барлығы 500-ден астам әртіс қатысады. Сонымен қатар, сахнада 100-ден астам адам өнер көрсетеді.

Қойылымда Әлібек Дінішев, Роза Рымбаева, Жәмила Серкебаева, Рухия Байдүкенова, Тамара Асар, Парвиз Назаров, Ситора, Дильназ Ахмадиева, Диана Шарапова, ДинаЯ, Ардақ Балажанова, Айгүл Елшібаева, Айгүл Қосанова, Ерлан Рысқали, Ерболат Чалдыбеков, Ардақ Балажанова, Әли Оқапов, «KeshYou», «Блокбастер» шоу-балеті, домбырашылар ансамблі, «Салтанат» би ансамблі, «Сарын» тобы, «Filigram» шекті аспаптар квартеті және тағы басқалары қатысады.

Театр қойылымдарымен қатар ретро мотивтер, сондай-ақ заманауи композициялар ұсынылады.

«Бозторғай» балалар хоры Наурыз мейрамына арнайы жазылған қазақ және орыс тілдерінде «Бейбітшілік бүкіл әлемде» («Мир всем мире») әнін орындайды.

21-22 наурызда Ғылым Академиясы ғимаратының алдындағы алаңда «Қазақ әуендері» АҚ Нұр-сұлтан қаласының әртістерінің қатысуымен концерттік бағдарлама ұйымдастырады.

Сонымен қатар, мерекелік концерттер қаланың әр ауданында өтеді:

— Алмалы ауданында 22 наурыз күні сағат 12.00 – 17.00 аралығында М. Ганди атындағы паркте;

— Әуезов ауданында 21 наурызда сағат 11.00-15.00 аралығында Әуезов ауданы әкімдігінің алдындағы алаңда;

— Алатау ауданында 22 наурызда сағат 11.00-14.00 аралығында «Алатау» ДӨТ алдындағы алаңда;

— Бостандық ауданында 21 наурыз күні сағат 11.00-13.00 аралығында «MEGA Centеr» СОО амфитеатрында;

— Жетісу ауданында 21 наурыз күні сағат 11.00-14.00 аралығында «Гүлдер» саябағында;

— Медеу ауданында «Ұлыстың ұлы күні – Наурыз» бағдарламасы 20 наурыз күні сағат 11.00-15.00 аралығында ҚР Ғылым академиясының алдындағы алаңда;

— Түрксіб ауданында – «Көктем шақырады» бағдарламасы 20 наурыз күні сағат 12.00-15.00 аралығында С. Сейфуллин атындағы паркте;

— Наурызбай ауданында 21 наурызда сағат 11.00-15.00 аралығында Абай даңғылында (Алатау көшесінен Тараз көшесіне дейін). Әкімдік мереке кезінде қауіпсіздікті қамтамасыз ету және қоғамдық тәртіпті сақтау үшін күшейтілген режимге көшетінін атап өтеді.

Қала көшелерінде мерекелік іс-шаралар барысында қажет болған жағдайда құқық қорғау органдары тексерулер жүргізеді, оның ішінде тыйым салынған заттарды алып жүруді анықтау үшін.

Әкімдік қала тұрғындары мен мегаполис қонақтарынан қабылданып жатқан шараларға түсіністікпен қарауды сұрайды.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде