Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев онлайн брифинг барысында ҰҚК Шекара қызметі Академиясының коронавирус жұқтырған курсанттары туралы айтты.
15-29 жас аралығындағылар қауіп тобына жатады. «Курсанттардың көпшілігі ауырды. Казармада жатқандардың барлығы ауырып шыққанша тоқтамады. Осы жағдайда вирустың тез тарағанын бақыладық. Казармада бір адам ауырған еді, басқаларының барлығына жұқты», — деді әкім.
Бұған дейін Алматыда ҰҚК Шекара қызметі Академиясының 54 курсанты коронавирус жұқтырғанын жазған болатынбыз.
ҚазАқпарат