jasqazaq.kz

Алматыда нашақорлар жиналатын үй табылды

19 қазан 2018, 16:49

Алматыда есірткі құралдарын, психотроптық заттарды, прекурсорларды тасымалдайтын арналарды шектеу және алдын алу мақсатында, «Канал-Красный Бархан» жедел- алдын алу іс-шарасы жүргізілде. Бұл туралы Алматы қаласы ІІД Баспасөз қызметі хабарлады.

«Бұл іс-шара қала маңындағы шағын аудандардың бірінде өткізілді. Іс-шара барысында, есірткіге тәуелділерге арналған баспана табылды. Үй иелері – 1969 жылы туылған Ш.есімді азамат пен 1984 жылы туылға П.есімді азаматша.

Біздің бөлімшенің қызметкерлері, СОБР жауынгерлері, кинология қызметтерімен бірлесіп арнайы іс-шара өткізді, соның нәтижесінде сот-химиялық сараптама көрсеткендей, жалпы салмағы 110 грамнан астам есірткі заты «героин» табылды. Тергеу барысында, пәтерге, нашақорлар есірткі сатып алу үшін келіп жүргені белгілі болды. Айтпақшы, Ш.есімді азамат бұрынырақта бөтеннің мүлкін ұрлағаны үшін, ал, П.есімді азаматша есірткі құралдарын сақтағаны үшін сотталған», — деп айтты, Алматы қаласы ІІД Есірткіге қарсы күрес басқармасының бастығы, полиция полковнигі Нұрлан Мошкалов.

Қазіргі уақытта ҚР ҚК 297 бап 3 тармақ және 302 бап — есірткі құралдарын, психотроптық заттарды, олардың аналогтарын жіберу немесе сату мақсатында заңсыз дайындау, өңдеу, сатып алу, сақтау, тасымалдау, сондай-ақ, осылар үшін үй беру немесе ұйымдастыру бойынша тергеу жүргізілуде. Күдіктілер Алматы қаласы ІІД уақытша ұстау изоляторына қамалды.

 

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде