jasqazaq.kz

Алматыда нәрестелерді сатқандар ұсталды

07 қараша 2022, 12:52

Алматыда жаңадан туған сәбилерді сатқандар ұсталды. Бұл туралы Ішкі істер министрлігіне сілтеме жасап Tengrinews.kz хабарлайды.

Полиция мәліметінше, қалада балалардың туу туралы куәлігін дайындаумен, баласынан бас тартуға дайын жүкті әйелдерді және баласы жоқ отбасыларды іздеумен айналысқан қылмыстық топ анықталған. Топ құрамында АХАЖ бөлімінің қызметкерлері де болған.

«Келісімшарт сомасы 1-2 миллион теңге аралығында болған. Жалған құжат және анықтама 700 теңгеге сатылған. Бүгінде алты бала саудасына қатысы бар адамдар анықталды», — деді ІІМ ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес департаментінің басшысы Қанат Нұрмағамбетов.

Саудагерлер мен сатып алушылар Қазақстанның әртүрлі қаласында тұрған. Полицейлер тергеу жүргізіп жатыр. Бес күдікті ұсталды, оның бәрі қамауға алынды.

Бүгін, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
Бүгін, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
Бүгін, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
13 қараша, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр