jasqazaq.kz

Алматыда мыңға жуық жұмысшы қар тазалап жатыр (видео)

22 сәуiр 2021, 10:01

Алматыда қардың толассыз жауғанына бір тәулік болды. Болжам бойынша бүгін түстен кейін тоқтау керек.

Таулы және тау бөктерлеріндегі аймақтарға 10-12, ал қалаға 6-8 см қар түсті. Көктайғақтың алдын алу үшін қар жауған кезден бастап жолдарға, қиылыстар мен жолайрықтардың кіреберісіне, тау бөктері мен таулы аймақтарға көктайғаққа қарсы қоспа себіліп, қар тазаланды. Көктайғаққа қарсы 243 тонна материал пайдаланылды. Тротуар, жаяу жүргінші аймақтарын, қоғамдық көлік аялдамаларын, автотұрақ қалтарыстарын, жер үсті өткелдерін және ортақ пайдаланылатын жерлерді тазарту жүргізіліп жатыр.

Қар тазалауға 395 арнайы техника, оның ішінде 136 құм шашатын техника бар, 965 жұмысшы жұмылдырылған. Аудандық әкімдіктер мен қала әкімдігінде қар тазалауды тәулік бойы бақылайтын кезекшілік ұйымдастырылған. Қазгидрометтің болжамы бойынша, жауын-шашын 22 сәуірде түсте саябырлайды.

https://youtu.be/FbfmaHHs2OA

ҚазАқпарат

Бүгін, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия