jasqazaq.kz

Алматыда мүгедек студентті ұрған жігіт оқудан қуылды

21 қараша 2019, 16:14

Алматыда Тұран университетінің мүмкіндігі шектеулі студенті Самат Рамазановты ұрған 2 курс студенті Ермахан Өсеров оқудан шығарылды.

«Ішкі тексеру жұмыстарының нәтижесінде «Тұран» университетінің 2 курс студенті Ермахан Өсеров оқудан қуылды. Мұндай шешім студенттің тәртібіне байланысты шығарылды», — деп мәлім етті унвиерситеттің қабылдау бөліміндегілер. Еске сала кетсек, сирек генетикалық аурумен ауыратын студент Самат Рамазановты Тұран университеті жатақханасындағы көршісі соққыға жыққан еді. Самат Рамазанов Ұлттық педиатрия және балалар хирургиясы орталығының балалар онкологиясы бөлімінде сайқымазақ болып жұмыс жасайды. Бұл оқиғадан соң жәбірленуші Бостандық ауданы полиция басқармасына арызданды. «Рамазановтың арызын Бостандық аудандық полиция басқармасы қабылдап алды. Қазір тергеу амалдары жүріп жатыр. Тергеу аясында сот медициналық сараптама тағайындалады. Сараптама қорытындысына сәйкес процессуалды шешім қабылданатын болады», — деді қалалық Полиция департаментінен.

ҚазАқпарат

20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда