jasqazaq.kz

Алматыда мүгедек қызды зорлаған

09 желтоқсан 2019, 11:52

Алматылық — үшінші топ мүгедек қыз — зорлық құрбаны болды. Бұл туралы Facebook желісіндегі «НеМолчи.kz» қозғалысының мүшелері жазды, — деп хабарлайды Tengrinews.kz.

«НеМолчи.kz» тобының мәліметінше, зорлау оқиғасы 29 қарашада болған. 53 жастағы күдікті жәбірленушінің көршісі. Ол өз құрбанына есірткі пайдалануға мәжбүрлеген деген ақпарат та бар. «Ол нәзік қызды өз гаражына сүйреп, бес сағат бойы қинаған. Азаптау кезінде, ол оны ұрып-соғып, өлтіремін деп қорқытқан. Сондай-ақ, ол өз телефонынан бұрындары осылайша азаптап, өлтірген қыздардың суретін көрсеткен. Бірнеше рет өз дегенін жасамаған жағдайда шұңқырға көміп тастайтынын айтқан», — делінген әлеуметтік желідегі хабарламада. Қыз бала зорлықшыдан қашып үлгерген. Ол үйіне қашып, ата-анасына болған жәйтті айтқан. Осы оқиғаға қатысты Алматы қалалық ПД баспасөз қызметінің өкілдері пікір білдірді. «Осы дерекке қатысты 30 қарашада Медеу аудандық ПБ-нің полиция бөліміне арыз түскен. Осыған байланысты ҚР Қылмыстық кодексінің 120-бабы 1-бөлігі («Зорлау, яғни жәбірленушіге немесе басқа адамдарға күш қолданып немесе оны қолдану қатерін төндіріп не жәбірленушінің дәрменсіз күйін пайдаланып жыныстық қатынас жасау») бойынша тіркеуге алынған. Күдікті бірден анықталып, ұсталған», — делінген ПД хабарламасында. ІІМ баспасөз қызметінің өкілдері, осы істі ішкі істер министрі бақылауға алғанын айтты.

20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда