jasqazaq.kz

Алматыда мұғалімдер Жаңа жылдық кештен бас тартты

24 желтоқсан 2019, 11:06

Алматыда мұғалімдер Жаңа жылдық отырыстан бас тартып, мұқтаж отбасыларға көмектесуге бел шешті. 
Жетісу ауданының 21 мектеп директоры мен 22 балабақша меңгерушісі жаңажылдық кештен бас тартты. Мұғалімдер бұл қаражатты қайырымдылық мақсатта жұмсамақ. Мұқтаж отбасыларға азық-түлік пен киім-кешек тарату жоспарда бар. «Бұл бастаманы көтерген аудан әкімдігінің басшысы болатын. Жетісу ауданында мұқтаж отбасылар өте көп. Бұл жолы мүмкіндігі шектеулі балалардың отбасына көмек беруге баса назар аударылып отыр. Балаларға қысқы сырт киім, жылы аяқ киім, азық-түлік кәрзеңкесі беріледі. Сонымен қатар, #137 мектеп оқушысының омыртқасына ота жасау үшін қаражат беріледі», — деді Жетісу ауданы білім бөлімінің басшысы Салтанат Құсайынова. Оның айтуынша, болашақта мұғалімдер бұл бастаманы қайырымдылық эстафетасына айналдырмақ. Айта кетейік, бұған дейін Жетісу ауданының 2019 жылғы түлектері арнайы кеш жасаудан бас тартып, жиналған қаражатты қайырымдылық шараларына жұмсаған болатын.

inform.kz

20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда