
Алматыда мопед жүргізушісі жаяу жүргіншіні қағып, оқиға орнынан қашып кетті.
Жол апатының видеосы әлеуметтік желіде пайда болды. «Оқиға 31 тамыз күні кешкі сағат 20:00 шамасында болды. Жаяу жүргіншіні қаққан мопед иесі оқиға орнынан қашып кетті»,- деп жазды автор. Полиция департаменті апатқа қатысты түсініктеме берді. «Бұл факт тергеудің бірыңғай тізіліміне тіркелді. Мән — жайды Медеу аудандық полиция басқармасы анықтап жатыр. Бұл қылмыс бақылауда», — деді Алматы қаласы Полиция департаменті бастығының тергеу жұмыстары жөніндегі орынбасары Рустам Әбдірахманов.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
ҚазАқпарат