jasqazaq.kz

Алматыда мопед ұрлап жүргендер ұсталды (Видео)

09 маусым 2022, 16:01

Қазір қолға түскендердің бөтеннің мүлкін ұрлаудың 5 дерегіне қатысты бар екені дәлелденіп отыр, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

«Ұсталғандар – 1999 жылы туған Н. есімді және 2002 жылғы И. есімді азаматтар заңсыз баю мақсатында түнгі уақытта көпқабатты үйлердің ауласында қараусыз қалған көлік құралдарын тауып, оларды ұрлап және жасырып отырған. Кейіннен сатып жіберген.

Қылмыстық істер барлық деректер бойынша тіркеліп, ҚР Қылмыстық кодексінің 188-бабы 3-бөлігінің 2 тармағымен ұрлық, яғни бөтеннің мүлкін бірнеше рет жасырын жымқыру бойынша іс қозғалды», — деді Әуезов аудандық полиция Басқармасының бастығы Ұлан Әбілқайыр.

Қазіргі уақытта тергеушілер күдіктілерді бұрын жасалған осыған ұқсас қылмыстарға қатысы бар-жоғына тексеруге алды. Жедел-іздестіру және тергеу шаралары жүргізіліп жатыр.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде