jasqazaq.kz

Алматыда мониторингтік топ анықтаған мерекелік шараға блогерлер мен әртістер қатысқан (Видео)

09 тамыз 2021, 17:57

Алматы мониторинг тобы «Royal Tulip» қонақүй кешені аумағындағы «Black star burger» мейрамханалар желісі өкілдерінің карантинді бұзғанын анықтады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Медеу ауданының мониторинг тобы 8 тамызда «Royal Tulip» қонақүй кешенінің аумағында карантин талаптарының бұзылғанын анықтады. Онда «Black star burger» өкілдері мерекелік шара өткізген. Қонақүй кешені мен «Black star burger» өкілдерінен түсініктеме алынды. Материалдар аудандық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармасына берілді», — деп хабарлады Медеу аудандық әкімдігінен. Алматы қалалық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Сәдуақас Байғабылов мониторинг тобының материалдары бойынша жауапты тұлғалар әкімшілік жауапқа тартылатынын атап өтті. Компанияның Instagram парақшасынан бұл іс-шараға Қазақстанның танымал блогерлері мен әртістері жиналғанын көруге болады. Еске салайық, Алматы коронавирустан «қою қызыл» аймақта. Бас сандәрігердің қаулысына сәйкес, қалада көпшілік жиналатын шаралар өткізуге тыйым салынған.

Бүгін, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия