jasqazaq.kz

Алматыда модульды аурухананы салу кезінде миллиардтар қолды болған

18 қантар 2021, 14:06

Алматыда модульдік аурухананы салу кезіндегі қаражат жымқыру фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Бұл ақпаратты Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің Алматы қаласы бойынша департаменті растады. Тергеу мүдделеріне қатысты істің мән-жайы ашылып айтылмайды.

Ақша ұрлау фактісі туралы ақпарат желіде пайда болды. Онда Алматыда ҚР Қылмыстық кодексінің 189-бабы, 4-бөлімі бойынша сотқа дейінгі тергеу ісі тіркелгені туралы айтылады. 2020 жылы сәуірде 280 төсектік модульді инфекциялық аурухананың құрылысына бюджет қаражатынан бөлінген 5,5 миллиард теңгенің 3,9 миллиард теңгесі ұрланған деп болжанады. Келтірілген залал аудит барысында расталды.

Пандемия басталғаннан бері Алматыда коронавирусты науқастарға арналған алғашқы 280 төсектік модульдік клиника ашылды. Аурухананың жалпы ауданы — 5 850 шаршы метр. Медициналық мекеменің құрылысында барлығы 1300 адам үш ауысымда, тәулік бойы жұмыс істеді. 88 техника тартылды. Оның құны 5 миллиард теңгеге бағаланды.

zakon.kz

18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия