jasqazaq.kz

Алматыда митинг өткізетін екі орын белгіленді

25 қыркүйек 2019, 15:27

Электрондық үкімет порталында Алматы қаласы мәслихатының «Жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар тәртібін қосымша реттеу туралы» шешімінің жобасы жарияланды. Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлады.

Қоғамдық талқылау 8 қазанға дейін жалғасады. Құжатта айтылғандай, VI шақырылымдағы Алматы қаласының мәслихаты: 1) жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар өткізу тәртібін; 2) жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер мен демонстрациялар өткізілетін орындарды бекіту туралы шешім қабылдады. Осылайша, жиналыстар, митингілер, пикеттер, шерулер мен демонстрациялар үшін екі орын белгіленді, олар: «Сары Арқа» кинотеатрының артындағы алаң (4-шағын аудан) және «Южный» саябағы (Жароков көшесі, Хожанов көшесінің бұрышы). Жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер мен демонстрациялардың 18 пункттен тұратын өткізу тәртібі де анықталған. Ол туралы мына сілтемеден толығырақ білуге болады. Бұған дейін Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаев Алматы рұқсат етілген митингтерге арналған орын саны көбейеді деп мәлімдеген болатын. Әкім «Сарыарқа» кинотеатрының алдындағы алаңнан басқа азаматтардың бейбіт жиналысын өткізетін тағы бір орынды анықтау туралы өтінішпен мәслихатқа жүгінуге уәде берген еді.

30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде
22 шiлде, 19:06
Алматы: Өндірістік ауданда тұрғындар үшін жайлы орта қалыптасып келеді
22 шiлде, 15:09
Қазақстан – Еуроодақ: Экономикалық дипломатияға басымдық