jasqazaq.kz

Алматыда метро құрылысына 92 учаске сатып алынады

28 қараша 2022, 15:39

Алматы қаласының жер қатынастары басқармасы метро стансасын салу мақсатында мемлекет мұқтажына 92 жер телімі иеліктен шығаруға жататынын мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бүгінгі күні оның 24-і меншік иесінен сатып алынды. Қалған 68-і бойынша жұмыс жүргізіліп жатыр.

Алматы қаласы әкімдігінің 2021 жылғы 10 желтоқсандағы қаулысымен «Метрополитен» ШЖҚ МКК метроның үшінші кешенінің іске қосу құрылысының жаңа жобасын әзірледі.

Ол Яссауи көшесінен батыс бағытта Абай даңғылының бойымен «Барлық» базарына дейін барады.

Қазіргі таңда аталған жоба бойынша 60 жер учаскесінде «Мемлекет мұқтажына алуға байланысты жер учаскелерін немесе өзге де жылжымайтын мүлікті мәжбүрлеп иеліктен шығаруды бастау туралы» қаулы қабылданды.

«Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 67-бабына сәйкес, жеке сектордың жер телімдерін сатып алуға жоспарланған бюджет қаражатының көлемі бағалау нәтижесінде жасалған тәуелсіз бағалаушы компаниялардың есебі негізінде айқындалады», — деп атап өтті ведомстводан.

Бүгін, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
Бүгін, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
Бүгін, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
13 қараша, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр