jasqazaq.kz

Алматыда мешіттер қашан ашылады?

29 мамыр 2020, 14:04

Алматы қаласының бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Жандарбек Бекшиннің төтенше жағдайдан кейін қаладағы діни нысандардың қызметіне енгізілген шектеулерді алып тастау тәртібі туралы № 32 қаулысына сәйкес, діни ұйымдар арнайы нұсқаулықтар негізінде және күшейтілген санитарлық-дезинфекциялық талаптарға сәйкес қатаң түрде биылғы жылдың 30 мамырында өз жұмысын қайта бастайды.

Бірақ мешітте жамағатпен намаз (бес уақыт намаз, жұма намазы) оқылмайды, тек 1,5 метр қашықтықта жеке намаз оқуға рұқсат етіледі.

Алматы қаласының бас имамы Еркінбек Шоқай бастаған діни қызметкерлер жамағатты COVID-19 карантині кезінде діни орындардың қызметі туралы нұсқаулықтарға баса назар аударуға және мешіттерде енгізілген барлық талаптар мен сақтық шараларын қатаң сақтауға шақырады.

Нұсқаулықтарға сәйкес, мешіт қызметкерлерінің күн сайын дене қызуы арнайы құрылғымен тексеріліп отырады.

Респираторлық инфекцияның кез-келген белгілері бар (қызба, жөтел, жұлдыру, тыныс алу қиындықтары бар) діни қызметкерлер жұмысқа жіберілмейді.

Қызметкерлер медициналық маскамен, бір рет қолданылатын қолғаптармен және қолды зарарсыздандыруға арналған антисептиктермен толық қамтамасыз етіледі.

Мешітке келушілер үшін негізгі кіре берісте, санитарлық-гигиеналық объектілерде, ғибадат ететін бөлмелерде, жуынатын бөлмелерде және діни заттарды тарату орнында санитайзерлер орнатылған.

Қызметкерлер мен мешітке келушілер маска киюі керек

Намаз тек жеке-жеке оқылады, арада 1,5 метр қашықтық сақталады.

Діни-жоралғыға қатысушылардың саны 30 адамнан аспауы керек.

Мешітке келушінің уақыты шектеулі: 15-20 минутқа дейін.

Дереккөзі: zakon.kz

18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия