jasqazaq.kz

Алматыда мешіттер қашан ашылады?

17 тамыз 2020, 20:56

Алматы қаласы Орталық мешітінің наиб имамы Ермек Көкірекбаев онлайн брифинг барысында мешіттерді кезең-кезеңмен ашу жоспарланып отырғанын жеткізді.

Оның айтуынша, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы мешіттердің толымдылығын 30 пайыздан асырмай, бір келушіге 4 шаршы метр талабын сақтай отырып, мешіттерді кезең-кезеңімен ашу туралы ұсыныс жасады.

«Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы осы мәселеге байланысты құзыретті мекемелерге карантин талаптарын сақтай отырып, мешіттерді қайта ашу тұралы ұсыныс берді. Өткізген келіссөздерде ҚМДБ-ның ұсынысы мақұлданды. Мешіт толымдылығын 30 пайыздан асырмау, бір келушіге 4 шаршы метр талабын сақтай отырып, мешіттерді кезең-кезеңімен ашу талқылануда. Мешіттер жақын күнде қайта ашылады деген үлкен үміт бар», – дейді Ермек Көкірекбаев.

Сонымен қатар, ол егер мешіттердің жұмысы жанданатын болса, санитарлық талаптар толық сақталатынын жеткізді.

«Қаладағы барлық мешіттерге дезинфекция жұмыстарын жүргізу туралы тапсырмалар берілген. Демеушілердің көмегімен қазір дезинфекция жасайтын құрылғылар сатып алынды, яғни мешіттер қауіпсіздік шараларына сақадай сай отыр», — деп қортындылады Орталық мешітінің наиб имамы Ермек Көкірекбаев.

ҚазАқпарат

21 қазан, 16:13
Руслан Айтанов: Экологиялық ахуалды жақсарту – басты басымдық
17 қазан, 15:29
Shymbulaqta Shyrshaly экологиялық жобасы аясында 560 түп Тянь-Шань шыршасы егілді
16 қазан, 21:11
Көкжайлау: Алматыдағы экологиялық туризмнің экономикалық әлеуеті
13 қазан, 12:25
Айдана Қасен: Қалдықтарды сұрыптау – экологиялық мәдениеттің маңызды бөлігі
12 қазан, 13:04
Әуесбек Опабек: Шымкентте экология мен жайлы ортаға басымдық берілуде
09 қазан, 13:42
Шымкентте жасанды интеллект полиция жұмысының тиімділігін арттыруға бағытталуда
07 қазан, 15:02
Ұстанымы ұқсас Оман
06 қазан, 15:09
122 года спустя: Память, наследие и школа Мухамеджана Фаризова
05 қазан, 14:25
Бағдат Байболов: Су жүйесін жаңғырту – тұрғындарды сапалы әрі үздіксіз сумен қамтамасыз етудің негізгі тетігі