jasqazaq.kz

Алматыда мемлекеттік кіріс департаментінің екі қызметкері сотталды

10 қазан 2017, 19:01

Алматыда мемлекеттік кіріс департаментінің екі қызметкері сотталды. Қылмыстық істің материалдары негізінде, 2016 жылдың қыркүйек айында Алматы қаласының мемлекеттік кіріс департаментіне кәсіпкерлерге қатысты кедендік және тауарларға арналған декларацияларға қатысты тексеру жүргізу туралы тапсырма келіп түседі. Бұлардың қатарында «Ахметов» ЖК тауарларының декларациясы да болады.
2016 жылдың қазан айында Алматы МКД пост-кедендік бақылау бөлімінің жетекшісі өзінің қарамағындағы бөлімде қызмет ететін Е. есімді бас маманмен келісімге келеді. Ол өз кезегінде кәсіпкер Ахметов тарапынан кедендік заңнаманы бұзу әрекеттері болмағанын біле тұра, ЖК иесіне заңнаманы бұзу реті тіркелгенін хабарлайды. Осыдан кейін азамат Е. кәсіпкерді 5,5 миллион теңге айыппұлдан құтқармақ болып, одан үш мың АҚШ долларын сұрайды. Ахметов болса оған келісіп, Ш. мен Е. есімді азаматтарға аталған соманы береді.
Сот отырысында бөлім басшысы Ш. өзіне танылған айыпты мойындамаған болса, Е. есімді бас маман барлық істі мойындады.
Осылайша, Ш. есімді сотталушы 3,5 жылға бас бостандығынан айырылып, жеке мүлкі тәркіленді. Е. есімді сотталушыға қатысты сот қатылдық көрсетпей, 1,5 жылға бас бостандығынан айырып, жеке мүлкін тәркілеу жазасын тағайындады.

sputniknews.kz

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде