jasqazaq.kz

Алматыда мемлекет қажеттілігіне қандай жерлер алынуда?

23 тамыз 2018, 10:20

Алматы Жер қатынастары басқармасы басшысының орынбасары Ардақ Самамбетов мемлекет қажеттілігі қайтарылып алынған жерлер мен болашақта қайтарылатын жер телімдері туралы айтты.

«Бізге Наурызбай ауданындағы «Қалқаман» метро стансасының құрылысы үшін жер телімдерін қайтарып алу жөнінде өтінім келді. Оған шамамен 150 учаске жатады. Аралап, қажет құжаттар мен материалдарды жинауға қатысты жұмыстар жүргізіліп жатыр. Әрине, мүлікті бағалау үшін құқық белгілейтін құжаттарды алып, тексеріс жүргізу қажет. Шамамен үйлердің 50% аралап шықтық, материалдар пакетін жинадық. Меншік иелерінің барлығы құжаттарын беруге келісім білдірмейтіндіктен, оларды әртүрлі кадастрлардан, әділет органдары мен мұрағаттан алдыртуға мәжбүр болып отырмыз», — деді Ардақ Самамбетов.

Бұдан бөлек, Ардан Самамбетов көлік жол айырықтарының құрылысы үшін алынатын жер учаскелеріне жекелей тоқталды. Т.Рысқұлов-Құлжа жолына арналған жол айырығына жерлерді иеліктен қайтарул аяқталды. Басқарма 3 млрд теңгеге жер телімдерін сатып алды. «Емцова көшесіндегі жол айырық бойынша әлі де жұмыстар жасалуда. Оның бойындағы жер учаскелерінің 70% сатып алуды аяқтадық. Жалпы 102 учаскенің алпыс бесін 3,3 млрд теңгеге сатып алдық. 37 учаске бойынша жұмыс жүргізілуде. І.Жансүгіров-Н.Назарбаев жол айырығында эстакаданың құрылысы жүріп жатыр. Телімдерді өткен жылы сатып ала бастадық. Жалпы 45 учаскенің 44-іне 1,7 млрд теңге берілді. Бір учаскеде әлі жұмыстар атқарылып жатыр, алайда ол жер бос. Оған қатысты іс Жоғарғы сотта қаралуда», — деді А. Самамбетов. Сондай-ақ, Абай даңғылы мен Момышұлы көшесінің жол айырығы сынды ірі жобаларға жер учаскелерін иеліктен шығару мәселесі қарастырылған. Шамамен 300 жер телімі иеліктен шығарылады, олардың 104-іне қаулы қабылданды. Алматыдағы BRT үшін 32 жер учаскесі иеліктен шығарылған еді, олардың жетеуіне қатысты мәселе әлі де шешімін таппады.

ҚазАқпарат

Бүгін, 15:48
Үнді дипломаты: Қазақстанның сыртқы саясаты сындарлы әрі теңгерімді ұстаныммен ерекшеленеді
Бүгін, 15:30
Серікбай Жәңгірбаев: Су ресурстарын ұтымды пайдалану – экологиялық қауіпсіздік негізі
Бүгін, 14:22
Есірткіге қарсы ымырасыз күрес тоқтамайды
20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді