jasqazaq.kz

Алматыда мемлекет қажеттілігі үшін 105 жер телімі сатып алынды

02 тамыз 2022, 16:56

Алматыда осы жылдың бірінші жартыжылдығында мемлекет қажеттілігі үшін 105 жер учаскесі алынды. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің онлайн брифингісі барысында қалалық жер қатынастары басқармасының басшысы Ардақ Самамбетов мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Мемлекет мұқтажы үшін қоғамдық маңызы бар жобаларды жүзеге асыру мақсатында 105 жер телімі алынды. Мысалы, Абай даңғылын Яссауи көшесінен қала шекарасына дейін ұзарту үшін, сондай-ақ Рысқұлов даңғылы мен Емцов көшесінің қиылысында жол айрығын салу үшін жер телімдерді сатып алу аяқталды», — дейді спикер.

Сонымен қатар, Алматы қаласын дамытудың Бас жоспарына сәйкес, шағын ауданда жол салу үшін әл-Фараби даңғылының бойындағы (Витебская көшесінің қиылысы) жер телімдері сатып алынды.

«Бұдан бөлек, жыл басынан бері Алматы қаласының жер қатынастары басқармасы энергетика, денсаулық сақтау, балабақша, спорт және басқа да нысандар құрылысы үшін 58 жер телімін берді»,- дейді басқарма басшысы.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде