jasqazaq.kz

Алматыда мектеп оқушылары төбелесіп, біреуі ауруханаға түсті

05 қыркүйек 2019, 11:26


Алматылық 13 жасар мектеп оқушылары төбелесіп, оның біреуі ауруханаға түсті.

Бұл туралы  ҚазАқпарат хабарлады. Жасөсіпірімдер арасындағы жанжал 3 қыркүйек күні кешкі сағат 19:00-де болған. Медеу ауданында орналасқан №100 мектептің оқушылары сабақтан кейін өзара күш сынаспақ болған. «БАҚ өкілдері таяқ жеген баланың ата-анасының сөзі бойынша ақпарат таратып жатыр. Біріншіден, оқушылар сабақ біткеннен кейін төбелескен. Біреуінің аты жөні Александр Водников. Осы мектептің бұрынғы оқушысы. Осыдан бір жыл бұрын спорт мектебіне ауысып кеткен. Алайда биыл өзінің сыныбына қайтып келді. Екінші оқушы — Рустам Бухаров. Сыныптастар сабақтан кейін өзара күш сынаспақ болыпты. Қастарында тағы екі сыныптасы болды. Солардың айтуынша, Рустам Александрды итеріп жіберген. Жерге құлаған Александр орнынан атып тұрып, Рустамның жағынан ұрып жіберген. Ол жерде Рустамға ешкім жабылған жоқ. Содан кейін, бәрі үйлеріне қайтқан. Александр Водников «жетім» бала, ол қамқоршысының қолында тәрбиеленіп жатыр»,- дейді Медеу аудандық білім бөлімінің басшысы Ағайша Сапарова. Ағайша Сапарованың айтуынша, Рустам Бухаровты ата-анасы №5 қалалық клиникалық ауруханаға (жақ және бет ЛОР-хирургиясы) апарған. Қолымызда жарақаты ауыр емес деген анықтама бар. Сондай-ақ Алматы қалалық Қоғамдық денсаулық сақтау департаменті зардап шеккен оқушының жағдайы туралы айтты. «Бала нейрохирургия бөлімінде жатыр. Диагноз: жабық бас ми жарақаты, мидың шайқалуы, жағдайы орташа ауыр деп бағаланады. Емдеу шаралары жүргізіліп жатыр», — деп хабарлады Денсаулық сақтау басқармасы.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде