jasqazaq.kz

Алматыда медицина қызметкерлері вирус жұқтырды

11 сәуiр 2020, 13:40

#үйдеотыр

Барлығы қалада КВИ-дың 137 расталған оқиғасы тіркелді.

13 жағдай сол жерде байланыста болғандардан және 1 жағдай сырттан жұқтырылған. Оның ішінде 11 әйел және үш ер адам.

Инфекциялық стационарларда 108 жағдай (облыстардан), оның ішінде 4 бала.

80 науқастың жағдайы қанағаттанарлық. 7 — ауыр, 21 ересек адамның жағдайы (облыстың бiрiнде) — орташа.

Оның 12-і қалалық стационардың қызметкерлері. Олардың арасында екі дәрігер және 10 медбике бар.

Екі адамның жағдайы полисегментті пневмонияға байланысты ауыр деп бағаланады. Қалғандары -қанағаттанарлық.

«Өкінішке орай, зардап шеккендердің арасында халыққа медициналық көмек көрсететін медициналық ұйым қызметкерлері арасынан пациенттер тіркелген. Біз халықты үрейленбеуді сұраймыз! Осы санаттағы адамдар карантинге қарамастан өздерінің лауазымдық міндеттерін атқарды. Олар ауру қаупі бар аймақта тұрған алғашқы адамдардың бірі болып табылады,өйткені алдыңғы қатарда тұр. Олар емделуші оған мұқтаж болған кез-келген жағдайда көмек көрсетті. Олар кез келген адамнан, оның ішінде симптомсыз тасымалдаушыдан жұқтыруы мүмкін. Қазіргі уақытта эпидеомологиялық тергеу жүргізілуде. Жағдай қаланың жедел штабының бақылауында. Инфекцияның таралуына жол бермеу бойынша белгілі бір шаралар жүргізілуде. Олармен байланыста болған барлық адамдар іздестіріліп, карантинге орналастырылады», — деп атап өтті Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық басқармасының басшысы Тілеухан Әбілдаев.

Қалған екеуі-жергілікті байланыста болған 2000 жылы туылған жас жігіт, ал 24 жастағы қыз Куалу-Лумпур рейсімен ұшып, ол стационарда.

Бүгінгі күні инфекциялық стационарларда 108 жағдай (1 облыстық), оның ішінде 4 бала. 80 науқастың жағдайы қанағаттанарлық, жеті адамның жағдайы ауыр, орташа дәрежедегі 21 пациентте (1 облыстық).

28 адам емделіп шықты.

Қайтыс болғандар саны — 2.

Провизорлық орталықтарда 138 адам, олардың — 9 бала, 386-i карантинде, ал 5334 адам үй карантинінде.

coronavirus2020.kz

18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия