jasqazaq.kz

Алматыда Mazda көліктерін ұрлап жүргендер ұсталды

18 қазан 2022, 10:59

Алматыда Mazda көліктерін ұрлап жүргендер ұсталды, — деп хабарлайды Polisia.kz.

Алматы облысы Қарасай ауданының үш тұрғыны 9 көлік ұрлығына қатысты деген күдікпен ұсталды.

«Қазіргі уақытта 23 жастағы Қарақалпақстан тумасы мен оның 22 және 28 жастағы екі сыбайласының мойнында көлік ұрлау бойынша 9 дерек бар. Үштік Mazda автокөліктерін ұрлауға маманданған. Көлік ұрлағандарды әшкерелеу және ұстау іс-шарасын патрульдік полиция полкінің қызметкерлерімен бірлесіп жүргіздік. Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында күдіктілер 23 жастағы Я. есімді азамат, оның сыбайласы 22 жастағы туған К. есімді азамат және ұрланған көліктерді сатып алушы 28 жастағы Д. есімді азамат ұсталды. Олар бұрын сотталмаған. Өз кінәларын бірден мойындады. Тергеу іс-шаралары барысында 4 көлік табылды, олар айғақты зат ретінде қылмыстық іске қосылды, ал қалғандары қайта сатылған немесе қосалқы бөлшектерге бөлшектелген», – деді Алматы қалалық ПД Криминалдық полиция басқармасының бастығы Қуатбек Науатов.

Ұрланған көліктердің тұрған жерін анықтау бойынша іздестіру шаралары жүргізіліп жатыр. Тергеу барысында қылмыскерлер қамауға алынған.

Бүгін, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
Бүгін, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
Бүгін, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
13 қараша, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр