jasqazaq.kz

Алматыда маска тақпаған адамдарға айыппұл салынады

25 мамыр 2020, 17:02

Алматыда маскалық режимді сақтамаған тұлғаларға айыппұл салынуы мүмкін. Алматыда өткен онлайн брифинг барысында бұл туралы қала әкімінің бірінші орынбасары Ерлан Қожағапанов айтты.

«Қалада толығымен маскалық режим жарияланған. Әзірше халыққа түсіндіру жұмыстары жүріп жатыр. Маскалық режимнің маңыздылығы жоғары. Себебі, бұл инфекцияның одан әрі өршуіне кедергі келтіреді. Әсіресе автобустар мен халық көп шоғырланған жерлерде талап етіледі», — деді Ерлан Қожағапанов.

Қала әкімінің бірінші орынбасары маска кимеген тұлғаларға қатысты қандай шара қабылданатынын айтты.

«Қазір әкімдік өкілдері мен полиция қызметкерлері тиісті инструкция алды. Эпимедиологиялық ахуал ушығатын болса, маска кимеген азаматтарға айыппұл салатын боламыз. Бұл жерде ҚР ӘқбК қолданатын боламыз», — деді Е.Қожағапанов.

ҚазАқпарат

18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия