jasqazaq.kz

Алматыда мас жүргізушінің кесірінен бес көлік соқтығысты (Видео)

29 наурыз 2022, 15:11

Алматыда мас жүгізуші жаппай жол апатына себепші болды, — деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Әлеуметтік желіде Алматы көшелерінің бірінде болған жол апатының видеосы пайда болды. Жазба сипаттамасында әл-Фараби даңғылы мен Садықов көшесі маңында мас жүргізушінің кінәсінен бес көлік соқтығысқаны жазылған.

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

Публикация от @kris.p.original

Алматы полициясы бұл ақпаратты растады. 28 наурызда Toyota Highlander көлігінің мас күйдегі жүргізушісі батыс бағытта Саин көшесінде келе жатып, арақашықтықты сақтамай Toyota Corolla көлігімен соқтығысқан.

«Соқтығыстан кейін Toyota Highlander автокөлігі Skoda маркалы автокөлікке соқтығысты. Ал Toyota Corolla автокөлігі инерция бойынша Kia Rio көлігін қағып кетті. Жол-көлік оқиғасы салдарынан жолаушы жарақат алды», — деді Алматы қаласы ПД анықтау басқармасының бастығы полиция подполковнигі Олжас Шәріпов.

Мас жүргізуші Бостандық аудандық полициясына жеткізілді.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде