jasqazaq.kz

Алматыда мас жүргізуші түнде полицейді қағып кетті

18 қазан 2021, 13:08

Алматыда мас жүргізуші түнде полицейді қағып кетті, деп хабарлайды zakon.kz.

«Буран-227» патрульдік экипажы Қабанбай батыр көшесінде қарсы қозғалыс жолағымен келе жатқан Hyundai автокөлігін байқады. Автокөлік жүргізушісі полицейлердің талаптарына бағынбай, қашпақ болды.

Талғар бағытындағы экологиялық бекетте полицияның аға лейтенанты Мейіржан Бисембаев құқық бұзушыны тоқтатпақ болғанда ол аялдамастан инспекторды қағып кетті.

Полиция қызметкерінің екі аяғы сынып, ішкі органдары жарылып, жабық бас сүйек-ми жарақатымен ауруханаға жатқызылды, деді Алматы қаласы ПД Жергілікті полиция қызметі басқармасының бастығы, полковник Манап Саттаров.
Жүргізуші ұсталды. Полицейлер оның көлікті мас күйінде жүргізгенін анықтады.

Аталған факті ҚР ҚК 346-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізімінде тіркелді.

Бүгін, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия