jasqazaq.kz

Алматыда мас полицей жол апатына ұшырады

05 наурыз 2019, 16:11

Алматыда мас полицей жол апатына ұшырады. ІІМ өкілдері оның сол күні жұмыстан босатылғанын мәлімдеді, — деп хабарлайды Tengrinews.kz.

YouTube хостингінде тараған видеода полицей формасын киген ер адамның соқтығысқан көліктің жанында жатқаны, кейінірек оның полиция учаскесінде отырғаны көрінеді. Видеода ер адам бетін күртесімен жауып тұр. «Алматы полициясы департаментінің Жергілікті полиция қызметі жанындағы патрульдік полиция полкінің заңға қайшы әрекеті бойынша Алматы қаласы Жансүгіров көшесі бойында Nissan автомобилі Hyundai маркалы автокөлігімен соқтығысқан. Бүгінде полиция қызметкері жұмыс істемейді. Полиция департаменті басшысының 23 ақпандағы бұйрығымен ол ішкі істер органдарынан босатылды», — деді министрдің кеңесшісі, ІІМ ресми өкілі Нұрділда Ораз.

Оның айтуынша, жол-көлік оқиғасы салдарынан ешкім зардап шекпеген. Бұрынғы полицей ҚР Әкімшілік Құқық бұзушылық туралы заңының 608-бабы 3-бөлігі («Жүргізушінің көлік құралын алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйде басқаруы, сол сияқты көлік құралын алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйдегі адамның басқаруына беру») бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда