jasqazaq.kz

Алматыда мас күйінде көлік жүргізген мемқызметкер мен өрт сөндіруші жұмысынан босатылды

02 ақпан 2022, 15:00

Мемлекеттік қызметкерлер мас күйінде көлік жүргізгені үшін тәртіптік жауапкершілікке тартылды. Бұл туралы бүгін Алматыда өткен Әдеп жөніндегі отырыста айтылды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Алматы қаласы бойынша департаментінің бас маманы Шавкет Турдуев отырыс барысында мемлекеттік қызметшілер жалпы қабылданған моральдық-этикалық нормаларды ұстануы, қоғамға жат мінез-құлық, оның ішінде қоғамдық орындарда мас күйінде болу жағдайларына жол бермеуі тиіс екенін еске салды.

Маманның мәліметінше, Алматы қаласының тұрғын үй саясаты басқармасының, Алматы қаласының әлеуметтік әл-ауқат басқармасының мемлекеттік қызметкерлері және өрт сөндіру қызметінің №15 өрт сөндіру бөлімінің аға сержанты мас күйінде автокөлік құралдарын басқарғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке, сондай-ақ жұмыстан босатуға дейін тәртіптік жауапкершілікке тартылды.

Еске сала кетейік, бұған дейін Әдеп жөніндегі кеңесте Алматы қаласы санитарлық дәрігерінің орынбасары Сәдуақас Байғабұловқа қатысты мәселе қаралған болатын, оған бұрынғы басшылықтың атына айтылған сөздер үшін ескерту түрінде жаза тағайындау ұсынылған.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде