jasqazaq.kz

Алматыда мас ер адам такси жүргізушісіне пышақ салды

15 қантар 2020, 13:13

Алматыда мас ер адам такси жүргізушісіне екі рет пышақ салды. Оқиға 12 қаңтарда болған. Зардап шеккен таксист — 33 жастағы азамат Шұғыла ықшамауданындағы тұрғын үй кешендерінің біріне екі баласы бар отбасын апара жатқан. Жолаушылар көліктен түсе бастағанда жүргізуші балалардың бірі салонға құсқанын байқап, оны жуу үшін қосымша ақы сұраған. «Осыдан кейін жүргізуші мен жолаушы арасында жанжал шығады. Мас ер адам әйелі мен балаларын үйге кіргізіп, ақша алып шығатынын айтқан. Кепілге ол ұялы телефонын қалдырып кеткен. 5-7 минуттан соң әлгі азамат қайта оралып, такси жүргізушісіне пышақпен екі рет соққы жасаған. Сол қолының шынтағы мен ішіне сұғып алған», — деп хабралайды Алматы қалалық ПД баспасөз қызметі. Дәл сол күні осы дерекке қатысты Наурызбай аудандық полиция басқармасы сотқа дейінгі тергеу шараларын бастады. Аталған факті бойынша 31 жастағы күдікті ұсталды.

ҚазАқпарат

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде