jasqazaq.kz

Алматыда мас адам біреудің көлігін айдап кетіп өртеп жіберген

03 қыркүйек 2020, 14:44

Алматыда ер адам біреудің көлігін айдап кетіп өртеп жіберген. Қалалық ПД баспасөз қызметінің хабарлауынша, қылмыс Түрксіб ауданында болған.

«Көлік иесі дүкенге кіріп кеткенде, 26 жастағы мас адам соны пайдаланып көлікті айдап кеткен. Біраз уақыттан соң көлік сол маңайдан табылды. Ұры оны өртеп жіберген. Өрт қоймас бұрын көліктің қозғалтқышын, аккумуляторын, басқа да бөлшектерін шешіп алған. Күдікті көп ұзамай ұсталды. Оған қатысты қазір Қылмыстық кодекстің 188-бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды», — деді Түрксіб аудандық ПБ бөлім басшысы Ерлан Аянбаев.

Ал, ұрланған автобөлшектер иесіне қайтарылды. «Көлік ескі болғандықтан, жоғалғанына аса уайымдамадым. Осылай тез табылатынына да сенбедім. Полиция ұрыны тапқаны жақсы болды. Себебі, ертең ол басқаларға жамандық жасамайтын болады», – деді көлік иесі. ПБ айтуынша, жыл басынан бері көлік ұрлау қылмысы 2,1 есеге азайған.

ҚазАқпарат

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде