
Алматыда 22 қазанда таңертең Жетісу 3 ықшамауданында орналасқан «Магнум» сауда орталығынының маңында өрт шықты. Бұл туралы Төтенше жағдайлар департаментінің ресми өкілі Сандуғаш Баймұхамбетова хабарлады.
«101»нөміріне өрт шыққаны туралы сағат 06:56-да хабарланды. Бірінші өрт сөндіру қызметкерлері жеті минут ішінде сағат 07:03-те бірден оқиға орнына келген. Сөйтсе, екі бутиктің жанып кетуінің әсерінен «Магнум» сауда-саттық орталығының (төбесі) өртке оранғаны анықталды. Онымен қоса, супермаркет ғимаратының оңтүстік қабырғасы да, өртке оранған. Өрт сөндіру қызметкерлері тілсіз жау басқа сауда-саттық бутиктеріне таралып кетуіне жол бермеді. «Өрт сағат 07:29-да ауыздықталды. Ал өрт сағат 07:38-де түгелдей сөндірілді. Өрт алаңы 70 шаршы метр. Зардап шеккендер мен қаза тапқандар жоқ. Өртті сөндіру үшін 56 адам мен сегіз техникалық жабдық қажет болды», — делінген хабарламада.