jasqazaq.kz

Алматыда люкті ұрлағандар қылмыс үстінде ұсталды

14 наурыз 2019, 11:31

Алматыда люкті ұрлаған адамдар қылмыс үстінде ұсталды. Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлады. Қалалық полиция департаментінің хабарлауынша, кәріз люктерін ұрлау қылмысы Алматыда жиі кездеседі. Әдетте қылмыскерлер шойын люктерді ұрлап, металл өткізу пунктіне өткізеді.

Бұл үшін олар қомақты ақша алады. Осындай қылмыс үстінде Гайдар көшесіндегі люктерді алып бара жатқан жерінен 39 жастағы адам ұсталды. Тағы бір адам Түрксіб ауданындағы люкті көтеріп бара жатқан жерінен құрықталды. Күдіктінің қолында арық жүйесінің шойын торы болған. «Қазіргі таңда Полиция басқармаларында ҚР ҚК 188-бабының 1-бөлімімен сотқа дейінгі тергеу басталды. Белгілі болғандай, олар люктерді ұрлап алып металл өткізетін жерге сатып жібермек болған. Қазіргі таңда түсті және қара металдарды сатып алатын тұлғаларды анықтау жүргізіліп жатыр», — деді Полиция департаментінің басқарма басшысы Есен Ысқақов. Қалалық Полиция департаментінің ресми өкілі Салтанат Әзірбектің айтуынша, ұрланған затты сатып алған тұлғалар үшін ҚР ҚК 196-бабы бойынша қылмыстық жауапкершілік қарастырылған. Айта кету керек, 2018 жылы 22 қазанда Алматыда арнайы профилактикалық іс-шара басталды. Апталық барысында ұрланған заттарды қабылдап, одан әрі сатумен айналысатын қылмыскерлер ұсталды.

30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде
22 шiлде, 19:06
Алматы: Өндірістік ауданда тұрғындар үшін жайлы орта қалыптасып келеді
22 шiлде, 15:09
Қазақстан – Еуроодақ: Экономикалық дипломатияға басымдық