jasqazaq.kz

Алматыда лай көшкіні жүріп, жол жабылып қалды

14 мамыр 2018, 16:52

Алматыда сел жүріп, лай көшкіні жергілікті маңызы бар автомобиль жолын жауып тастады. Бұл туралы ҚазАқпарат ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитетінің ресми өкілі Руслан Иманқұловқа сілтеме жасап хабарлайды.

«Алматы облысының Қарасай ауданына қарасты Ақсай шатқалын тексеру барысында Қызылжар өзеніне (Ақсай өзенінің саласы) үздіксіз жауған жаңбырдың салдарынан 800 текше метр лай көшкіннің жүргені анықталды. Лай көшкіні «Алматы -Аян» балалар лагеріне апаратын жергілікті маңызы бар автомобиль жолын жауып қалып, асфальттың үстімен ағып жатыр. Зардап шеккендер мен қаза тапқандар жоқ. Оқиға орнында «Қазселденқорғау» мекемесінің жеке құрамы мен техникасы көшкін салдарын жою жұмыстарын жүргізуде», — делінген таратылған ақпаратта. Сонымен қатар ведомство мәліметінше, Талғар ауданында үздік жауын салдарынан «Түйе» тауы бөктерінен 60 текше метр лай көшкіні төмен сырғыған. «Соның салдарынан «Талғар-Спутник жазғы лагері» жергілікті маңызы бар автомобиль жолы жартылай жабылып қалды. Оқиға орнында кезекшілік ұйымдастырылған. Жергілікті атқарушы органдарға көшкін салдарын жою және автомобиль жолын уақытша жабу туралы тапсырма берілді. Көшкін салдары жаңбыр тыйылғаннан кейін жойылатын болады», — деп атап өтті комитеттен.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде