
Алматыда «L-Капитал» компаниясының негізін қалаған адам ұсталды. Бұл туралы jasqazaq.kz ақпарат агенттігі Алматы қаоасы ПД-ң баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.
Алматы қаласы ПД Тергеу Басқармасының мәліметтері бойынша жедел-іздестіру барысында 1962 жылы туған И.есімді азаматша ұсталды. Қазақстан Республикасы Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 128 бабына сәйкес ол ПД уақытша ұстау изоляторына қамалды.
«Бұрын хабарланғандай, Алматы қаласы ПД ТБ салымшылардың ұжымдық мәлімдемелеріне сәйкес, ҚР ҚК-нің 217 бабы 3 бөлімі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Ведомствоаралық тергеу-жедел тобы құрылды. Компанияның кеңселерінде санкцияланған іздеулер жүргізілді. Толықтылық, объективтілік және жан-жақтылық принциптерін қатаң сақтай отырып жүргізілген тергеу әрекеттері кешені барысында мән-жайлар анықталып, процессуалдық шешім қабылданады. Қазіргі уақытта қылмыстық іс бойынша 50 адам жәбірленуші ретінде өтіп жатыр », — деді, Алматы қалалық полиция Департаменті бастығының орынбасары, полиция подполковнигі Рүстем Абдрахманов.