jasqazaq.kz

Алматыда ковид стационарлар жабылып жатыр

09 қыркүйек 2021, 12:01

Алматыда коронавирус жұқтырған науқастарға арналған стационарлар жабылып жатыр. Бұл туралы онлайн брифинг барысында Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Нариман Табынбаев мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Қалада коронавирус инфекциясын жұқтырған науқастар санының азаюына байланысты, инфекциялық стационарлар, көпбейінді ауруханалар ақырындап қалыпты жұмысына оралады. Сонымен, «Тері-венерологиялық диспансері», «Қалалық ревматологиялық орталық», «HAK Medical» клиникалық стационары, «Б. Жарбосынов атындағы ғылыми урология орталығы», «Astana International» қонақ үйі күнделікті жұмысына кірісті»,- дейді спикер. Оның айтуынша, кешеден бері «Халық арена» спорт кешеніндегі стационарларға науқастарды қабылдау тоқтатылды. «Бұл нысан жаңа жылға дейін резервте болады. Егер, вирус жұқтырғандар саны күрт өсіп кететін болса, қайта ашатын боламыз. Сонымен қатар, осы аптада кардиологиялық орталық пен жедел жәрдем ауруханасында ашылған провизорлық орталық жабылады», — деді Нариман Табынбаев.

Бүгін, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия