jasqazaq.kz

Алматыда көшеден 3 жастағы қыз бала табылды

08 маусым 2021, 15:43

Алматыда үш жасар қыз көшеде адасып кеткен жерінен табылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Алматы полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, 8 маусым күні Түрксіб аудандық полиция басқармасына жергілікті тұрғындардан қоңырау келіп түскен. Сейфуллин даңғылына жетпей Палладин көшесінде 3 жасар қыз табылған. Қоңырау шалушылардың айтуынша, бала ересектердің қарауынсыз жүрген.

«Баланың және оның анасының жеке басы бірден анықталды. Ол сол уақытта жұмыста болған. Әйел қызын 10 жастағы үлкен ұлымен үйде қалдырғанын айтты. Ұлы ұйықтап жатқанда, бүлдіршін үйден шығып кетіп, жоғалып кеткен. 1994 жылы туған азаматшамен алдағы уақытта мұндай фактілерге жол бермеу туралы профилактикалық әңгіме өткізілді. Отбасы тұрғылықты жері бойынша тексерілді», – деді Түрксіб аудандық ПБ жанындағы полиция бөлімінің бастығы Еркін Амантаев.

30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде
22 шiлде, 19:06
Алматы: Өндірістік ауданда тұрғындар үшін жайлы орта қалыптасып келеді
22 шiлде, 15:09
Қазақстан – Еуроодақ: Экономикалық дипломатияға басымдық