
2020 жылы басы дауға қалып, қызметінен босатылған Алматы криминалдық полициясының бұрынғы басшысы Жанболат Зиадин Талғар аудандық полиция басқармасының бастығы болды. Бұл туралы Tengrinews.kz хабарлайды. Ақпаратты Алматы облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі растады.
Ол бұл лауазымға ақпанда тағайындалғаны белгілі болды.
«2020 жылдың сәуірінде Зиадин карантин нормаларын бұзғаны үшін Алматы ПД криминалдық полиция басқармасының басшысы қызметінен босату түрінде тәртіптік жауапқа тартылды.
Еңбек кодексінің 65-бабы, 3-тармағына сәйкес «әрбір тәртіптік теріс қылық үшін қызметкерге тек бір тәртіптік жаза қолданылады». Полиция полковнигі Зиадин әртүрлі басшылық қызметті атқарды, ішкі істер органдарында үлкен жұмыс тәжірибесі бар (20 жылдан астам).
Сонымен қатар, Зиадиннің Талғар АПБ бастығы лауазымына 2021 жылы 5 ақпанда тағайындалғанын хабарлаймыз. Бұл лауазым бұрын босатылған қызметінен бір саты төмен», — деді департаменттің баспасөз қызметіндегілер.