jasqazaq.kz

Алматыда коронавирус жұқтырып, кинотеатрға барған әйелге айыппұл салынды

16 маусым 2021, 20:33

Коронавирус жұқтырып, кинотеатрға барған Алматы тұрғына тұрғыны айыппұл арқалады.

Бұл туралы қалалық эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Садуақас Байғабылов мәлімдеді.

COVID-19 ПТР-сынағы оң нәтиже көрсеткен Алматы қаласының тұрғыны “қызыл” дәрежесіне қарамай, кинотеатрға барған.

Келіншек кинотеатрға кіре алмаған. Өйткені кинотеатрдағы QR кодын сканерлеген кезде келіншектің «қызыл» дәрежедегі науқас екені анықталды.

«Тұрғынға өзін-өзі оқшаулау режимін бұзғаны үшін Түрксіб ауданындағы УСЭК санитарлық дәрігерлері ҚР Әкімшілік кодексінің 425-бабы бойынша әкімшілік іс қозғады. Бұл баптың санкциясы 30 АЕК көлемінде айыппұл салуды көздейді», — деді Садуақас Байғабылов портал тілшісіне.

Stan.kz

Бүгін, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия